Тіркеу

Қазақстан және әлем бойынша SMS тарату

Жаппай SMS таратуды бірнеше минут ішінде бастаңыз, хабарламаларды интернет арқылы біздің сайттан немесе API арқылы таратыңыз. Клиенттерге акциялар мен жеңілдіктер туралы хабарлаңыз, хабарламаларды қосымшаңыздан, CRM, сайтыңыздан автоматтандырыңыз.

Тегін көру

Неліктен SMS тарату тиімді?

99%

Қолжетімділік. SMS кез келген мобильді құрылғыға интернетке қосылусыз келіп түседі.

87%

Оқылу деңгейі. Телефон әрқашан қолда, пайдаланушылар SMS хабарламаларды оқиды.

67%

Қызығушылық. Клиенттер жеңілдікке айырбастау үшін жарнамалық хабарламаларды алуға қарсы емес.

11%

SMS тарату орташа конверсиясы. Статистика бойынша Email-ге қарағанда 2 есе жоғары.

SMS хабарламаларды әлемнің кез келген еліне 1000+ операторға жіберіңіз

Mobizon арқылы SMS тарату — бұл жылдам, ыңғайлы және арзан!

SMS тарату кесте бойынша

SMS тарату кесте бойынша

СМС таратуды қажетті күнге және уақытқа жоспарлаңыз, Mobizon SMS-ті берілген уақытта автоматты түрде жібереді.

Хабарламаларды жекелендіру

SMS-хабарламаларды жекелендіріңіз, клиенттің кез келген деректерін қосыңыз: аты, тегі, жеке жеңілдігі, туған күні және т.б. Mobizon белгілер жүйесін пайдаланыңыз және байланыс карталарындағы деректер SMS мәтініне автоматты түрде енгізіледі.

SMS-хабарламаларды жекелендіру
Контактілерді жылдам импорттау

Контактілерді жылдам импорттау

Контактілерді қолмен қосыңыз немесе барлық клиенттік базаны бірнеше рет басу арқылы жүктеңіз. Mobizon ақылды импорты бұл тапсырманы бірнеше минутта шешуге көмектеседі.

SMS таратуларынан бас тарту

SMS алғысы келмейтін клиенттердің нөмірлеріне тарату блоктаңыз. Mobizon стоп-тізіміне телефон нөмірлерін қосыңыз және тыныш ұйықтаңыз.

SMS таратуларынан бас тарту
Mobizon кең функционалдығы

Уникалды құралдар

SMS-тегі таңбалар санын үнемдеу үшін қысқа сілтемелерді қолданыңыз және клиенттеріңіздің сілтемелерге қаншалықты өтетінін қадағалаңыз. Клиенттер туралы кез келген ақпаратты жинау үшін, олардың байланыстарын растау және таратуға келісім алу үшін веб-формаларды пайдаланыңыз. Сондай-ақ, таңбалар саны көбірек болатын хабарламаны жіберуге болады (форманы жасаңыз, қажетті мәтінді енгізіңіз, сілтемені SMS арқылы жіберіңіз).

Қарапайым интеграция

Сіздің сайтыңыздан, мобильді қосымшаңыздан, интернет-дүкеніңізден немесе CRM-нан SMS жіберу үшін Mobizon API пайдаланыңыз. Бұл екі факторлы аутентификация, тапсырыстың күйі туралы хабарламалар, клиенттер мен қызметкерлерге SMS хабарламаларды тарату үшін таптырмас құрал.

SMS API интеграциясы

Неліктен Mobizon таңдау керек?

Қорғалған дата-орталықтағы сенімді серверлер, сервистер мен ақпаратты резервтеу, DoS және DDoS шабуылдарынан қорғау, мобильді операторлармен және әлемдік SMS орталықтармен тікелей қосылымдар - мұның бәрі жоғары сенімділікті қамтамасыз етеді және ай сайын миллиондаған хабарламаларды жіберуге мүмкіндік береді. 2014 жылдан бастап Mobizon SMS қызметтерін Қазақстан, ТМД және жақын шет елдердің 10 000-нан астам компаниялары пайдаланды.

  • Тікелей қосылымдар

    Тікелей қосылымдар

    SMS жіберуге арналған тек сенімді арналар

  • Әлем бойынша SMS тарату

    Ғаламдық қамту

    190+ елге СМС тарату

  • Жоғары жылдамдық

    Жоғары
    жылдамдық

    1000
    SMS/сек дейін

  • SMS жіберу тарихы

    Толық
    есептер

    SMS кампанияларының жағдайы және олардың жіберу статистикасы

  • Жылдамдықты басқару

    Жылдамдықты
    басқару

    Колл-орталыққа жүктемені таратыңыз

  • Деректердің қауіпсіздігі

    100%
    қауіпсіздік

    Клиенттердің деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз

  • Онлайн сервис

    Бұлтты
    платформа

    Кез келген уақытта кез келген жерден SMS таратыңыз

  • Контактілерді ыңғайлы сегментациялау

    Контактілер топтары

    Базаны кез келген параметрлер бойынша сегментациялаңыз

  • SMS ішіндегі сілтемелердің аналитикасы

    SMS ішіндегі сілтемелер
    аналитикасы

    Клиенттеріңіздің сілтемелерге қаншалықты өтетінін біліңіз

  • Қолдау қызметі

    24/7 Қолдау қызметі

    Кез келген уақытта барлық сұрақтарыңызға жауап береміз

Қазақстан бойынша SMS хабарламаларды тарату тарифтері

Бағалар аккаунт толықтыру сомасы мен таңдалған тарифтік жоспарға байланысты.

KZT 0

7.80 теңгеден/SMS

Аккаунт тіркелгеннен кейінгі баға


KZT 500 мың +

7.60 теңгеден/SMS

Аккаунт толықтыру сомасы 500 000 теңгеден бастап

KZT 1 млн +

7.40 теңгеден/SMS

Аккаунт толықтыру сомасы 1 000 000 теңгеден бастап

SMS тарату - клиенттермен байланысудың сенімді арнасы және минималды шығындармен тиімді жарнамалық құрал. Жаңа клиенттерді тартыңыз, сатылымды арттырыңыз, Mobizon көмегімен бизнесіңізге адалдықты арттырыңыз!

SMS тарату бойынша жиі қойылатын сұрақтар

Тіркеліңіз , клиенттердің контактілерін жүктеп, SMS-хабарламаның мәтінін ресімдеңіз, баланс толықтырып, таратуды іске қосыңыз. Бірнеше минут ішінде хабарламалар жіберіледі.

Баланс толықтырудың келесі тәсілдері қолжетімді: банк арқылы қолма-қол, онлайн несие картасы арқылы, біздің реквизиттер бойынша қолма-қол ақшасыз төлем, терминалдар немесе QIWI әмияны арқылы.

  1. 100 теңге тіркелгеннен кейін сіздің шотыңызға аударылады (электрондық поштаңызды растағаннан кейін), бұл сома қызметті сынау үшін жеткілікті болады.

  2. Әрбір пайдаланушы үшін жинақтау жүйесі қолданылады — шотты толықтырудың жалпы сомасы неғұрлым көп болса, әрбір жіберілген SMS солғұрлым арзан болады. Жинақтау жүйесімен баға бетінде танысуға болады.

  3. Біз үнемі акциялар өткізіп, SMS хабарламаларға жеңілдіктер жасаймыз.

Mobizon басқару панеліне кіріңіз, "Контакт кітапшасы" бөлімін ашыңыз, контактілерді қолмен қосыңыз немесе көптеген контактілерді жылдам қосу үшін Ақылды импорт пайдаланыңыз.

Әдепкі бойынша барлық хабарламалар жалпы қолтаңбамен жіберіледі. Хабарламаларды өз компанияңыздың атынан жіберу үшін бізбен шарт жасасып, ұялы байланыс операторларында жеке қолтаңбаны тіркеу қажет. Толығырақ шарттарды баға бетінде қарауға болады.

Хабарлама мәтінінде қатаң тыйым салынады: зорлық-зомбылыққа шақыру немесе қорқыту; саяси үгіт-насихат; жаппай жиналыстарға шақыру; балағат сөздер; алаяқтық деп танылатын мәтін; "ересектерге арналған" контентті қамтитын сайтқа сілтемелер; "ересектерге арналған" қызметтердің жарнамасы; қысқа нөмірге SMS жіберу ұсыныстары; алушы елдің заңнамасын бұзатын хабарламалар. Толығырақ SMS-хабарламалардың мазмұнына қойылатын талаптар бетінде оқыңыз.

Жаппай SMS-хабарламалар үшін модерация өшірілмейді. Жарнамалық емес жеке SMS-хабарламалар үшін модерацияны өшіруге болады. Ол үшін шарт жасасып , Қолдау қызметіне жүйедегі ID, тақырып және жіберуді жоспарлаған SMS үлгілерін хабарлауыңыз қажет.

Оны жинауды бастаңыз! Контактілерді жинау үшін Mobizon формаларын пайдаланыңыз. Біздің формаларымыз арқылы сіз расталған клиенттердің контактілерін жинап, жарнамалық SMS-хабарламаларға келісім ала аласыз.

Mobizon клиенттерінің пікірлері

Happy Cake
Rabota.kz
Rulim.kz
Kaz Express
Поедем
nadom.kz

Қазір тіркеліп, БОНУС алыңыз!

Mobizon SMS хабарламаларын тарату қызметі мен басқа мүмкіндіктерін сынау үшін 100 теңге.