Тіркеу

Beeline ұлттық және халықаралық трафикті бөлу жұмыстарын бастады

Жарияланды: 31 мамыр 2017 ж.
Beeline ұлттық және халықаралық трафикті бөлу жұмыстарын бастады

Құрметті клиенттер!

Beeline операторы ұлттық және халықаралық трафикті бөлу жұмыстарын бастады. Осыған байланысты, эксплуатацияға енгізу және оператор жағында сүзгіні орнату кезеңінде Beeline пікірі бойынша өздері орнатқан шаблондар негізінде халықаралық болып табылатын кейбір SMS хабарламалар қабылданбауы мүмкін.

Осы жағдайды түсіністікпен қабылдауларыңызды алдын ала сұраймыз және егер бір таратылым шегінде немесе жекелеген SMS (әсіресе, тек сандардан тұратын кодтар бар SMS) негізсіз қабылданбауы мүмкін деген күмәндеріңіз болса, біздің қолдау қызметіне хабарласыңыздар.

Біз барлық жағдайларды міндетті түрде қарастырып, қажет болған жағдайда оператордың әрекеттерін де, сіздердің SMS шаблондарыңызды да түзететін боламыз, осылайша олар тексеруден өтіп, ұлттық ретінде жіберіледі. Оператор халықаралық трафик бойынша толық ақпаратты әлі берген жоқ, біз нақты критерийлерді алу үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз және жақын арада оларды сіздерге ұсынуға үміттенеміз.

Түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз,
Құрметпен, Mobizon командасы.