Тіркеу

25.05.2021 21:00 – қызметті жоспарлы жаңарту

Жарияланды: 16 мамыр 2021 ж.
25.05.2021 21:00 – қызметті жоспарлы жаңарту

Құрметті клиенттер!

2021 жылғы 25 мамырда 21:00 (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Mobizon қызметін жоспарлы жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты сіздерді келесідей ақпаратпен хабардар етеміз:

  • 21:00-ден 22:00-ге дейінгі кезеңде SMS жіберу үзілістермен жұмыс істеуі мүмкін
  • Контактілер кітабы мен Mobizon Формаларына байланысты қызмет функциялары жаңарту толық аяқталғанға дейін қолжетімсіз болады. Контактілер кітабын жаңарту жұмыстарының шамамен аяқталу уақыты - 2021 жылғы 26 мамыр, 15:00.

Біз қызметімізді оңтайландыру бойынша жұмыс жасадық және жаңартудан кейін сіздерді келесі өзгерістермен қуантамыз:

  1. Жаңа Контактілер кітабы 2.0. Клиенттік базаны ыңғайлы импорттау, контактілік карталардың толығымен реттелетін өрістері.
  2. Жаңа Формалар құрастырушысы. Деректерді .CSV, .XLS форматтарында экспорттау және Mobizon Контактілер кітабымен толық интеграциялау.
  3. Басқару панелінің жаңа интерфейсі.
  4. Қызмет функцияларын оңай шарлау үшін бүйірлік мәзір.

Осы өзгерістер Mobizon-мен жұмысыңызды ыңғайлы және өнімді етеді деп үміттенеміз. Біздің қызметімізді пайдаланғаныңыз үшін рахмет!