Тіркеу

Желтоқсан айындағы SMS-рассылкаларға арналған 12 себеп

Жарияланды: 4 желтоқсан 2018 ж.
Желтоқсан айындағы SMS-рассылкаларға арналған 12 себеп

Тәуелсіздік күні, Жаңа жылға дайындық, кәсіби мерекелер... Желтоқсан құттықтауларға арналған оқиғалар мен қызықты себептерге бай. Сатып алулардың ең қызу маусымы қарсаңында Mobizon сіздің аудиторияңыздың сатып алу қабілетін қалай арттыру керектігін айтады.

Тиісті себепті таңдап, жарнамалық кампанияны алдын ала ойластырыңыз және клиенттеріңізді хабардар ету үшін SMS-рассылканы пайдаланыңыз. Клиенттермен қарым-қатынас жасауды дәл қазір бастау керек!

2018 жылдың желтоқсан айындағы SMS-рассылкаларға арналған ақпараттық себептер:

  • 6 желтоқсан

    Қазақстан Республикасы прокуратура күні.
    Егер қызмет барысында сіз прокуратура қызметкерлерімен ынтымақтастық жасасаңыз, оларға құттықтау хабарлама жіберуді ұмытпаңыз, қажетті адамдармен жақсы байланыс орнату кез келген істе сәттіліктің кепілі ;)

    Айтпақшы, 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметкерлері күні аталып өтеді.

  • 7 желтоқсан

    Украина қарулы күштер күні.
    Борыш пен ар-намыс адамдарының мерекесі, олар сіздің құттықтауларыңызға лайық. Айтпақшы, 12 желтоқсанда ел құрлық әскері күнін атап өтеді.

  • 7 желтоқсан

    Халықаралық азаматтық авиация күні.
    Ұшқыштар, диспетчерлер және бортсеріктер біздің қозғалысымыздың жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін күн сайын жұмыс істейді. Бүгінгі күні көптеген компаниялар салфетка өндірушілерінен бастап турбиналар шығаратын зауыттарға дейін авиация саласында жұмыс істейді. Егер сіздің клиенттеріңіз немесе әріптестеріңіз аспанда жұмыс істесе – тарату мәтінін ойластырыңыз!

  • 8 желтоқсан

    Халықаралық суретшілер күні.
    Шығармашылық мамандық өкілдерінің кәсіби мерекелері жиі бола бермейді. Канцелярлық тауарлар мен көркем керек-жарақтар дүкендерінің иелері, көрме залдары мен галереялардың басшылары үшін күнге жақсы дайындалу керек. Жарнамалық кампания ұйымдастырып, суретшілерді Mobizon-мен бірге құттықтаңыз!

  • 9 желтоқсан

    Қайырымдылық күні.
    Желтоқсанда қай күн болмасын – қайырымдылыққа арналған себеп! Егер сіз қандай да бір себептермен алдыңғы акцияларды өткізіп алсаңыз, қазір қарт адамдарға, мүмкіндігі шектеулі балаларға немесе үйсіз жануарларға көмектесу керек.

  • 10 желтоқсан

    Әлемдік футбол күні.
    Егер сіз спорт залының, секцияның немесе спорт тауарлары дүкенінің иесі болсаңыз – бұл мерекеге назар аударыңыз. Футбол – әлемдегі ең танымал спорт ойыны, демек, акциялар мен сатылымдарға көптеген адамдар қатыса алады. Ең бастысы – оларды түпнұсқа ұсыныспен таң қалдырып, жарнамалық SMS-рассылканы алдын ала іске қосу.

  • 15 желтоқсан

    Халықаралық шай күні.
    Шай – біздің еліміздегі басты сусын. Егер сіз қоғамдық тамақтану орнының, кофе киоскісінің немесе азық-түлік дүкенінің иесі болсаңыз, мерекені жақсы акцияларға арналған себептер қазынасына қосыңыз!

  • 16 желтоқсан

    Қазақстан Тәуелсіздік күні.
    Тәуелсіздік күні – мемлекеттік деңгейде кеңінен атап өтілетін ауқымды патриоттық мереке. Қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, Mobizon арқылы таратылымдар арқылы клиенттерге өз бизнесіңізді еске салуды ұмытпаңыз!

    Қазақстандағы энергетиктер күні.
    Біздің елде энергетиктердің кәсіби мерекесі аз емес. Клиенттеріңіздің арасында энергетика саласының қызметкерлері болса, құттықтау SMS-рассылкасын қазір жоспарлаңыз!

  • 26 желтоқсан

    Халықаралық сыйлықтар күні.
    Сыйлықтар күнін желтоқсанда атап өтудің ең жақсы уақыты! Егер жарнамалық кампаниялар жасауға арналған барлық себептер сізге аз болған болса, тағы біреуі бар! Сондай-ақ, ұзақ жаңа жыл алдындағы кампанияда сыйлықтар күні өте орынды көрінетін тақырыптық жеңілдік күндерін өткізуге болады.

  • 28 желтоқсан

    Халықаралық кино күні.
    Кинотеатрлар және кино клубтар, бұл сіздің күніңіз! Жаңа жыл алдындағы көтеріңкі көңіл-күй ойын-сауық пен кино көруге ынталандырады. Клиенттерге тиімді ұсыныс жасаңыз, жарнамалық SMS жіберіңіз, және келушілер көп болады!

  • 31 желтоқсан

    Жаңа жыл қарсаңы.
    Ең сиқырлы уақыт, үміт пен қуанышқа толы. Адамдар бір-біріне реніштерін кешіреді, сыйлықтар сыйлайды және 2019 Жаңа жылдың жақындағанына қуанады. Mobizon-мен бірге үлкен сатылымдармен, керемет маркетингтік идеялармен және креативті акциялармен ескі жылды шығарып салыңыз. Келесі жыл одан да жақсы болады!