Тіркеу

Жүйеге тіркелу

Mobizon қызметімен жұмыс істеуді бастау үшін, жүйеге тіркеліңіз.

  1. Сайттың жоғарғы мәзірінде Тіркелу түймесін басыңыз. Тіркелу түймесі
  2. Ашылған терезеде өзіңіздің: аты-жөніңізді, жарамды телефон нөміріңізді және email-ді көрсетіңіз, құпиясөзді екі рет енгізіңіз.
  3. пайдаланушы келісімі және құпиялылық саясаты шарттарымен танысып, оларға келісіміңізді белгілеңіз. Тіркелу түймесін басыңыз. Mobizon тіркеу формасы
  4. Көрсеткен телефон нөміріңізге растау коды бар SMS жіберіледі. Аккаунтыңызды белсендіру үшін келесі терезеге кодты енгізіңіз.
    Егер кодпен SMS келмесе, Mobizon қолдау қызметіне хабарласыңыз, сізге аккаунтты белсендіруге көмектеседі.
  5. Енді сіз өзіңіздің телефон нөміріңіз немесе email және құпиясөзіңіз арқылы жүйеге кіре аласыз. Тіркелгеннен кейін сізге тесттік SMS жіберулер үшін қаражат аударылады.
Электрондық поштаңызды растауды ұмытпаңыз!

Тіркелу кезінде көрсеткен email-адресіңізге сілтемесі бар хат жіберіледі, электрондық поштаңызды растау үшін сол сілтемені басыңыз.

Расталған электрондық пошта адресі құпиясөзді ұмытып қалған жағдайда немесе телефонды жоғалтқан жағдайда аккаунтқа кіруді қалпына келтіру үшін қажет. Сондай-ақ, оған барлық маңызды жүйелік хабарламалар жіберіледі.